Көкшетауда жалпы білім беру мекемелерін тексеру барысында оқу жағдайларын бұзу деректері анықталды
Нарушения в условиях обучения в общеобразовательных учреждениях выявили во время проверки в Кокшетау 29.09.2023

Білім беру мекемелерінде жарықтандыру және микроклимат параметрлері бойынша нормалардың сақталуын Ақмола облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының мамандары тексерді.

2023 жылдың 8 айында филиал 7 548 микроклимат параметрлерін өлшеді, оның ішінде 177 көрсеткіш санитарлық және гигиеналық нормалардың талаптарына сәйкес келмейді.

Сондай-ақ, мектеп кабинеттерінің жарықтандыруының сәйкестігін тексеру барысында жүргізілген 6 790 өлшеудің 415-і нормаларға сәйкес емес.

Осы кезең аралығында Көкшетау қаласының 29 оқу орны тексерілді.

Мектептерде мониторинг жүргізу және уақтылы әрекет ету оқушылар мен оқытушылардың денсаулығына тікелей әсер ететін жарық пен ауа ылғалдылығы деңгейлерінің белгіленген нормаларға сәйкестігін анықтау үшін қажет.

Мысалы, 2022 жылы жалпы білім беретін мектептерде микроклимат параметрлерінің нормадан ауытқуы 1,5%, жарықтандыру – 1,9% құрады. Ал, 2023 жылы ұқсас өлшеулердің сәйкессіздігі 2,3% - ға және 2,9% - ға өсті.

Зерттеулердің нәтижелері бұзушылықтарды жою бойынша қажетті шараларды қабылдау үшін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне берілді.