Қызылорда облысының дүкендерінде ішек таяқшалары бар өнімдер анықталды
03.03.2020

 ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «Ұлттық сараптама орталығының» Қызылорда облысы бойынша филиалына 2020 жылдың 2 ай ішінде сараптамаға 607 үлгі, оның ішінде азық-түлік өнімдері, парфюмерия, тұрмыстық химия тауарлары жеткізілді.

 Барлық сынамалар халық тұтынатын тауарлардың сапасына мониторинг жүргізу аясында ҚР ДСМ ТКҚСҚБК Қызылорда облысы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен сатып алынды.

Зертханалық зерттеулер нәтижесінде ҰСО мамандары 37 сынамада келесі сәйкессіздіктерді анықтады:

·        

  • сынамадағы микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік: құс еті, бройлер балапандарының сирақтары, бройлер балапандарының ұшасы, кондитерлік өнімдер, пісірілген шұжық;

  • физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша нормадан ауытқу 6 сынамада тіркелді: ас тұзы, бройлер балапанының балтыры;

  •  түскен 22 сынамада құрамы, жарамдылық мерзімі, өндіруші және сақтау шарттары туралы мәліметтер көрсетілмеген: балалар тағамы,кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар, ет, құс еті, май майы, консервілер, сүт өнімдері, парфюмерлік-косметикалық өнімдер.

Сонымен қатар, ішек таяқшасы тобының бактериялары анықталған 5 үлгіде сәйкессіздіктер тіркелді:
  • бройлер-балапанының сирақ еті, мұздатылған, «УСА» ЕҚК ЖШҚ Ресей Федерациясы;

  • бройлер-балапанының сирақ еті, мұздатылған, «Серволюкс Агро» ЖАҚ, Беларусь Республикасы;

  • бройлер балапаны «Алатау құс» АҚ, отандық өнім;

  • тартылған ет, майымен «Керемет ет», ЖК «Алменов», отандық өнім;

  • пісірілген шұжық «Мұсылмандық» «АМАНАТ», ЖК «Ниет», отандық өнім.

Техникалық регламенттер талаптарының анықталған сәйкессіздіктері бойынша барлық жеке кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Барлық анықталған сәйкессіздіктер «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер тізілімінде жарияланды».

Сондай-ақ, ҰСО сантарлық дәрігерлер тұтынушыларға азық-түлік сатып алу кезінде өнімнің сыртқы түріне, қаптамадағы тиісті ақпараттың болуына, жарамдылық мерзіміне, сапасын растайтын құжаттардың болуына және ет өнімдерін ағынды сумен дайындау алдында мұқият жууға және термиялық өңдеуге кеңес береді.

ҚР ДСМ ТКҚСҚБК

«Ұлттық сараптама орталығы»

Баспасөз-қызметі

+7 701-197-49-23

(7172)55-49-08 (152