Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Кәсіпорынның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің бастығының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің бастығының бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады. 

Біліктілік талаптары:

Кәсіпорынның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің бастығының бос орын лауазымына орналастыру конкурсына жоғары экономикалық, санитарлық-гигиеналық бейіндегі медициналық білімі, немесе заңгерлік, қызмет көрсету маркетингі саласында қосымша білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. 

Мамандығы бойынша кемінде 3 жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе Филиалда 18 айдан астам уақыт жұмыс жасаған маман болуы шарт.

Кәсіби білімге: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін, ережелері мен нормаларын білу.

Кәсіпорынның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің бастығының қызметтік міндеттері:

1.1. Тұтынушылардың қызмет көрсетуге сұранысының динамикасына әсер ететін негізгі факторларды,қызметтерге сұраныстың арақатынасын,сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын, ұқсас қызмет түрлеріне зерттеу жұмыстарын жүргізеді;

1.2. Маркетингтік зерттеулердің нәтижелері бойынша Филиалдың жалпы маркетингтік стратегиясын әзірлейді;

1.3. Ақылы қызметтерді ілгерілету бюджетін әзірлейді және оны Департаментпен келіседі;

1.4. Тауарларды/қызметтерді өткізу нарығын кеңейтуге ықпал ететін қызметті дамыту үшін санаттауды жүргізеді және әлеуетті тұтынушылардың басым топтарын анықтайды;

1.5. Нарықтың даму перспективаларын, Кәсіпорынның  нарықтың белгілі бір сегментін дамыыту және жаулап алу перспективаларын бағалайды; нарыққа шығу стратегиясын әзірлейді;

1.6. Маркетингтік қызмет бойынша жұмыс топтарының, сондай-ақ басқа комиссияның жұмысына қатысады;

1.7. Филиалдың бөлімдерімен/бөлімшелерімен/зертханаларымен Кәсіпорын департаментімен кірістерді ұлғайту, қызмет пен брендті дамыту, сондай-ақ Филиалдың дамуына әсер ететін басқа да мәселелер бойынша өзара әрекет жасайды;

1.8. Тендерге қатысу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

1.9. Тұтынушылардан тауарларға/қызметтерге қанағаттану, тауарларға/қызметтерге шағымдар мен шағымдар туралы ақпаратты жинауды ұйымдастырады, тұтынушылардан келіп түскен шағымдар мен шағымдардағы кемшіліктерді жою нысандары мен әдістерін айқындайды;

1.10. Тұтынушыларды ақпараттандыру және өнімді/қызметтерді ілгерілету үшін жарнама, ақпараттық қызмет арқылы нарықпен байланысты сақтайды: жарнамалық іс-шаралардыың стратегиясын әзірлеу мен ұйымдастыру;

1.11. Ақылы қызметтерге шарттар жасасу жұмысын ұйымдастырады;

1.12. Ақылы қызмет көрсетуге шарттар жасайды;

1.13. Жаңа тұтынушыларды іздеуді және тартуды ұйымдастырады, сондай-ақ тұрақты тұтынушыларды ұстап қалу шараларын қабылдайды;

1.14. Клиенттерге ақылы қызметтер бойынша кеңестер береді;

1.15. Келісімшарттардың орындалуын бақылайды және мониторинг жүргізеді;

1.16. Жыл сайын орташа чекті арттыру үшін жұмыс істейді;

1.17. Ақылы қызмет көрсету бойынша айлық/тоқсандық/жылдық жоспарларды орындау жөнінде жұмыстанады;

1.18. Нарықты камтуды арттыру бойынша жұмыс жасайды;

1.19. Маркетинг қызметінің тиімділігін талдайды, бәсекелестердің маркетингтік науқандарын бақылайды, оларды талдайды, өзінің маркетингтік қызметіне түзетулер енгізеді;

1.20. Ақылы қызмет көрсету бойынша аудандық/қалалық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;

3) фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің аймақтық бөлімшелерімен беріледі);

Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса, конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса, ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару;

5) тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорын филиалының, өкілдігінің маркетинг және коомерциялық қызмет бөлімінің бастығы лауазымына тағайындау.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы № 369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 191/4 үй, 4 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2022 жылғы 19 тамыз сағат 18.00.

Анықтама телефоны: 8(7112) 510061