Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның Абай облысы бойынша филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.
Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.
Кәсіпорынның Абай облысы бойынша филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына біліктілік талаптары:
Кәсіпорынның Абай облысы бойынша филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына орналастыру конкурсына "Медициналық-профилактикалық іс" және (немесе) "Санитария, гигиена, эпидемиология" және (немесе) "Қоғамдық денсаулық" және (немесе) "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша жоғары білім;
"Гигиена, эпидемиология" тиісті мамандығы бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат) және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша және (немесе) ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл, жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
кәсіби білімге: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, денсаулық сақтау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін, зертханалық қызмет көрсетудің нарық конъюнктурасын, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің теориялық және ұйымдастырушылық негіздерін, халық денсаулығының статистикасын, денсаулық сақтау критерийлері мен көрсеткіштері, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, жұмыс тәртібін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, Кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін Кәсіпорынның актілерін білу.
Қызметтік міндеттері:
1. Филиалдың өндірістік қызметін ұйымдастырады.
2. Филиалдың зертханалары мен дезинфекциялық бөлімінің қызметіне басшылықты, ұйымдастыру-талдау жұмысын қамтамасыз етеді, олардың жұмысын және тиімді өзара әрекеттесуін ұйымдастырады, жұмысқа басшылық жасайды, зертханалық жабдықты тиімді пайдалануға, қызметтің нәтижелілігіне және зерттеу тиімділігінің индикаторлық көрсеткіштерін орындауға жауапты болады.
3. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты, келешекке арналған және ағымдағы жоспарлауды жүзеге асырады;
4. Филиалдың келесі мәселелері бойынша жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды және бақылайды:
5. Филиалдың өндірістік қызметі бойынша уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.
6. Ғылыми қызмет, зерттеудің жаңа әдістері мен әдістемелерін енгізу бөлігінде жалпы басшылықты жүзеге асырады;
7. Әдеп нормаларын, ішкі еңбек тәртібінің талаптарын, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалану, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау қауіпсіздігін, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар, санитариялық-эпидемиологиялық режим бойынша жұмыстарды сақтауды қамтамасыз етеді.
8. Салық органына жеке тұлғаның (және жұбайының/зайыбының) активтері мен міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды уақтылы ұсынады, кейін декларацияны тапсыру туралы хабарламаның көшірмесін Кәсіпорынның қызметкермен жұмыс және іс жүргізу департаментіне ұсынады.
9. Филиал директоры болмаған уақытта (іссапар, демалыс, еңбекке жарамсыздығы) оның міндеттерін атқарады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1) тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;
3) фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің аймақтық бөлімшелерімен немесе egov арқылы беріледі);
Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы егер оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурс қорытындысын шығару;
5) тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорын филиалының, өкілдігінің директоры және / немесе директордың орынбасары лауазымына тағайындау.
Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы № 369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2023 жылғы 5 шілде сағ. 18.00.
Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.