Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Кәсіпорынның іс жүргізу жөніндегі маман лауазымына бос орын туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның Қызметкермен жұмыс жасау және іс жүргізу департаментінің іс жүргізу жөніндегі маман бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Кәсіпорынның Қызметкермен жұмыс жасау және іс жүргізу департаментінің іс жүргізу жөніндегі маманның бос орын лауазымына орналастыру конкурсына тиісті мамандық бойынша (заң, экономикалық, педагогикалық) жоғары білімі, іс жүргізу бағытында кемінде 2 (екі) жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Қызметтік міндеттері:

1) тіркеу карточкаларын жасайды және құжаттар бойынша деректер базасын/журналын жүргізеді;

2) құжаттардың, материалдардың өтуі есебінің картотекасын жүргізеді, олардың орындалуын бақылайды, тіркелген құжаттар бойынша қажетті анықтамалар береді;

3) орындалған құжаттаманы алушыларға жолдайды;

4) істер номенклатурасын және құжаттамалық қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді;

5) қабылданған және жіберілген хат-хабарлардың есебін жүргізеді;

6) Басқарма Төрағасының бақылауға алынған тапсырмалары мен хаттамалық тапсырмаларын орындау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау, оның ішінде E-Otinish платформасында белгіленген мерзімдердің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

7) бұйрықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

8) журнал жүргізеді және жеке құрамға, негізгі қызметке, демалыстар мен іссапарларға бұйрықтарды тіркейді;

9) кіріс/шығыс хат-хабарларды, қызметтік хаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркейді;

10) Кәсіпорын қызметкерлерінің іссапарлары туралы есептердің ұсынылуын бақылауды жүзеге асырады;

11) қатаң есептілік бланкілерін сақтауды, есепке алуды және беруді жүргізеді;

12) қызметкерлердің еңбек қызметі туралы аңықтамаларды береді және тіркейді;

13) Т2 карталарын жүргізеді және толтырады;

14) кешіккен және келмеген қызметкерлердің есебін жүргізеді;

15) Кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін және филиалдар басшыларының жұмыс уақытын есепке алу табелін (ынталандыру қосымшаақылары) жүргізеді;

16) пошта жөнелтілімдерін курьерлік жеткізу бойынша, хаттар мен бұйрықтар үшін қатаң есептілік бланкілерін, сондай-ақ грамоталарын дайындау бойынша қызметтерді сатып алу Даму жоспарын, сондай-ақ Кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыруға өтінімдер береді, сондай-ақ пошта жөнелтілімдерін жеткізу бойынша курьерлік қызмет көрсетуге, хаттар мен бұйрықтардың қатаң есептілігінің бланкілерін, сондай-ақ грамоталарын дайындау қызметтеріне техникалық спецификацияны дайындайды;

17) ай сайын жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қабылдау жөніндегі комиссияның ішкі актісін, пошта жөнелтілімдерін курьерлік жеткізу бойынша қызметті қабылдаудың ішкі актісін дайындайды;

18) Басқарма төрағасының аппарат отырыстарын ұйымдастырады;

19) азаматтарды қабылдау кестесін және тиісті бұйрықты дайындау ұйымдастырады;

20) Кәсіпорын қызметкерлерінің мереке және демалыс күндеріндегі кезекшілігін және тиісті бұйрықтарды дайындауды ұйымдастырады;

21) келiсiм комиссиясының, сараптама комиссиясының отырыстарын ұйымдастырады, отырыстарға материалдар дайындайды және хаттамалар жасайды;

22) өз құзыреті шегінде Кәсіпорынның филиалдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

23) Басқарма Төрағасының және директордың тапсырмаларына сәйкес департаменттің функцияларынан туындайтын өзге де міндеттерді орындайды.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылыұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің 3-парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің 3-парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2023 жылғы 13 қазан сағат 18.00.

Анықтама телефоны: 8(7172) 55-49-03.