Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Ұлытау облысы бойынша филиалы Метрология және техникалық қызмет көрсету бөлімінің метрология бойынша инженер бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиалы қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиалдың мақсаты халықтың санитариялық – эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
Филиалдың метрология және техникалық қызмет көрсету бөлімінің метрология бойынша инженер лауазымына жоғары немесе техникалық білімі, кемінде 1 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Қызметтік міндететрі:
1. Метрология және техникалық қызмет көрсету бөлімі жылдық және тоқсандық есептерге, өлшем құралдарымен жабдықтардың бар -жоғы туралы материалдар дайындау және метрология және стандарттау бөлімі бойынша қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету;
2.Филиалдың зертханалары мен бөлімшелерінде сынау жабдықтары мен бақылау-өлшеу құралдарын тексеру кестелерін жасау және мерзімдерін бақылау;
3. Келісім шарттарды бекіту үшін Филиалда тексеруге жататын жабдықтар мен құрылғылардың жиынтық тізімін жасау;
4. Жабдық пен өлшем құралдарын метрологиялық бақылауға дайындауды ұйымдастыру ( тексеру алдында сынау жабдығы мен өлшем құралдарының жай-күйін визуалды бағалауды жүргізу, сынау жабдығы мен өлшем құралдарын салыстырып тексеру участкесіне жеткізуді ұйымдастыру), метрологиялық бақылау нәтижелерінің дұрыстығын бақылау, құрылғылардың этикеткаларына, жабдықты тіркеу журналдары мен құрылғыларды тіркеу карточкаларына тексеру туралы мәліметтері енгізу;
5. Сатып алынатын құрылғылардың техникалық сипаттамаларының мәлімделген параметрлерге сәйкестігін, олардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тізілімінде тіркелуінің болуын, метрологиялық бақылау жүргізу қажеттілігін, техникалық құжаттаманың толықтығын бағалайтын жаңа жабдықты қабылдау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу;
6. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді әлеуметті жеткізушілерден баға ұсыныстарын сұрату және өңдеу;
7. Мемлекеттік сектор үшін техникалық шарттарды дайындау, тауарлар мен жұмыстарды дайындау, тауарлар мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай -ақ олардың негіздемесі;
8. Зертханалар мен бөлімшелердегі сынау жабдықтары мен бақылау -өлшеу құралдарының жұмысын қадағалау, жаңа жабдықтарды уақытылы іске қосуды және жаңа нормативтік құжаттарды енгізуді қамтамасыз ету;
9. Сертификаттау материалдарын дайындауға, сынақ орталығын аккредиттеуге және метрология және стандарттау бөлімдері бойынша басқа да құжаттарды дайындауға қатысу;
10. Жоспар жобасына енгізу үшін ұйымдарда әзірленіп жатқан жобаларға стандарттау мен біріздендірудің жоспарланған деңгейінде қызмет көрсетудің жаңа прогрессивті стандарттарын енгізу жөніндегі міндеттерді анықтау;
11. Филиалдың зертханалары мен бөлімшелерінің стандарттау жұмыстарын орындалуын бақылау, оларға стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттарды әзірлеу және қолдау бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынады:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілікті бағалау;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін, Жезқазған қаласы, Гурбы көшесі, № 6 мекенжайында жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2025 жылдың 6 наурыз. сағ. 18.00-ге дейін.
Анықтама телефоны: 8(7102) 41-02-41.