Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қарағанды облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) Осакаров аудандық бөлімшесінің санитариялық-гигиеналық зерттеулер зертханасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
1. Осакаров аудандық бөлімшесінің санитариялық-гигиеналық зерттеулер зертханасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігерінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурсына санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары білімі немесе жоғарғы медициналық білімі және санитариялық-эпидемиологиялық бейіні бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлігі, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
2. Өз спецификасы бойынша санитариялық-гигиеналық зертханасының тағам гигиенасы бөлімшесінің санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері мыналарды білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі;
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
"Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы;
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі тәртіп пен нормалар.
Лауазымдық міндеттері:
Нормативтік құжаттарда белгіленген мерзімде зертханалық сынақтарды орындайды, жүргізілген сынақтардың нәтижелеріндегі деректердің дұрыстығын қадағалайды; Зертханалық жабдықтың жарамды күйін қадағалайды (оны тексеруді және баптауды жүзеге асырады), зерттеу жүргізу үшін реактивтерді, ерітінділерді және химиялық ыдыстарды дайындайды; Материалдарды жинауға және өңдеуге қатысады, қажетті дайындық және қосалқы операцияларды жүзеге асырады, бақылау жүргізеді, аспаптардың көрсеткіштерін алады, әдістемелік құжаттарға сәйкес зерттеу нәтижелерін өңдейді, жүйелейді және ресімдейді, олардың есебін жүргізеді; Зерттеулердің жаңа технологиялары мен әдістері бойынша мониторинг жүргізеді. Кейіннен аккредиттеу саласына енгізе отырып, жаңа аспаптар мен жабдықтарды, зертханалық зерттеулер әдістемесін игереді және енгізеді; Зерттеулердің сапалы, дұрыс жүргізілуін және зерттеу нәтижелерін беру мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді; Нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес сынама даярлаудың сапалы жүргізілуін бақылайды; Зертханааралық салыстырмалы сынақтарға, сапаны сыртқы бағалауға қатысады; Деректерді тіркеу журналдары мен техникалық жазбалар журналдарында уақтылы тіркеуді жүргізеді. Зерттеулер жүргізу, сынама даярлау бойынша оқытуды жүргізеді және зертханашылардың жұмысына бақылау жүргізеді; Жүргізілген сынақтар бойынша валидация, белгісіздік есебін (сұрау бойынша) жүргізеді; Қажетті жабдықтарды, шығыс материалдарын сатып алуға өтінімдер мен техникалық ерекшеліктерді жасауға қатысады; Осы әдістің талаптарына сәйкес зерттеудің жаңа әдісін игеру үшін қажетті жабдықтар мен шығыс материалдарын іріктеуге қатысады; Есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) сұхбаттасу өткізу;
3) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-дан 17.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00 - 14.30.) жүргізіледі. Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі 2.
Құжаттар қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 10 желтоқсан, сағат 17.30-ға дейін.
Байланыс телефоны: 8 701 573 19 81