Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жетісу облысы бойынша филиаланының бухгалтері бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жетісу облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бухгалтері бос орын лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бухгалтері бос орынмлауазымына орналастыру конкурсына орта немесе жоғары кәсіптік (бухгалтерлік немесе экономикалық) білімі және мамандығы бойынша кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

1. Жетісу облысы бойынша статистика департаментіне ұсынуға қажетті хаттар мен статистикалық есептілікті құрастырады және уақытылы тапсырады.

2. Өз құжаттамасының сақталуын, оның дұрыс ресімделуін, сондай-ақ мұрағатқа берілуін қадағалау.

3. Филиалдың даму жоспарына сәйкес коммуналдық және басқа да қызметтердің, жұмыстар мен тауарлық-материалдық құндылықтардың (дәрі-дәрмектер және т.б., негізгі құралдар), салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсуіне байланысты бастапқы құжаттарды өңдеумен, бақылаумен және төлеумен айналысу. Бухгалтерлік есептің барлық тараптарын шынайы, өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету.

4. Конкурс/тендер үшін кепілдік жарналарды, оның ішінде қайтарылатын кепілдік жарналарды бақылаумен және төлеумен айналысу. Шарттар бойынша тұрақсыздық айыбының уақытылы ұсталуын бақылау.

5. Жеткізушілермен салыстыру актілері бойынша жұмыс, Филиалдың жылдық даму жоспарына сәйкес ҚҚД бойынша шарттың орындалуын бақылау (жұмыс, мемлекеттік сатып алу бөлімімен және экономистермен салыстыру), Шоғырландыру бағдарламасы бойынша есептің дұрыс жүргізілуін бақылау.

6. Коммуналдық және өзге де қызметтер бойынша құжаттарды дұрыс ресімдеу мәселелері бойынша ӘШЖ бөлімімен тікелей жұмыс.

7. Тауар-материалдық құндылықтар түскен кезде бастапқы құжаттаманы ресімдеудің дұрыстығы бойынша мемлекеттік сатып алу бөлімімен өзара іс-қимыл жасауға.

8. Бухгалтерлік есеп шоттарында тауар-материалдық құндылықтардың қозғалысы кезінде бастапқы құжаттарды уақтылы және дұрыс көрсету (1С бағдарлама). ЖЖМ және отын қозғалысының есебін жүргізеді: қоймаға келіп түсуін, орын ауыстыруын, түгендеуді есепке алады. Есеп беретін тұлғалардың, қалалық және аудандық бөлімшелердің жүкқұжаттары мен басқа да материалдық есептеріне сәйкес есептен шығаруды жүргізу.

9. Қолданыстағы ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес Филиалдың, сондай-ақ олардың бөлімшелерінің тауарлық-материалдық құндылықтарын жоспарлы және арнайы тапсырмалар бойынша түгендеуді жүзеге асыру.

10. Қаржы қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға, кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметіне бақылауды күшейтуге, кәсіпорын меншігінің сақталуын қамтамасыз етуге және бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыруға бағытталған шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден бастап 17.30 сағатқа дейін (түскі үзіліс 13.00 - 14.30 сағатта) Талдықорған қаласы, Сланов көшесі, 85 А мекенжайы бойынша жүргізіледі..

Құжаттарды қабылдауды аяқтау: 17.30 сағат. 2025 жылғы 26 желтоқсан.

Телефон арқылы анықтама: 8 777 246 04 98